"Ақмола облысы білім басқармасының Ерейментау ауданы бойынша білім бөлімі  Ерейментау қаласы №3 жалпы орта білім беретін мектеп"  Коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение  "Общеобразовательная школа №3 города Ерейментау отдела образования по Ерейментаускому району управления образования Акмолинской области"

СоцСети

   

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарт

1. Осы Ерейментау ауданы білім бөлімінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарты "сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 18 қарашадағы Заңының 10-бабына, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі бекіткен сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттарды әзірлеу жөніндегі әдістемелік ұсынымдарға сәйкес әзірленген және ұсынымдық сипатта болады.
2. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттың әзірлеушісі Ерейментау қаласының "№3 жалпы білім беретін мектеп" КММ болып табылады.
3. Қоғамдық мүдделердің оқшауланған саласында жұмыс істейтін адамдардың мінез-құлық (іс-қимыл) қағидалары:

3.1. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттарымен қозғалатын салада жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін іске асыру кезінде
3.1.1 Қазақстан Республикасының Конституциясын және заңдарын, Қазақстан Республикасы Президентінің, Үкіметінің актілерін, өзге де нормативтік құқықтық актілерді, Министрдің және жауапты хатшының бұйрықтарын, сондай-ақ Министрліктің Ережесін басшылыққа алу;
3.1.2 Қазақстан халқының бірлігі мен елдегі ұлтаралық келісімді нығайтуға ықпал ету, мемлекеттік және басқа тілдерге, Қазақстан халқының салт-дәстүрлеріне құрметпен қарау;
3.1.3 адал, әділ, қарапайым болу, жеке тұлғалармен, заңды тұлғалардың өкілдерімен және әріптестерімен қарым-қатынаста жалпы қабылданған моральдық-этикалық нормаларды сақтау, сыпайылық пен әдептілік таныту;
3.1.4 жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қозғайтын шешімдерді қабылдаудың ашықтығын қамтамасыз ету;
3.1.5 өзінің іс-әрекетімен және мінез-құлқымен қоғам тарапынан айтылатын сынға себепкер болмау, сынағаны үшін қудалауға жол бермеу, орынды сынды кемшіліктерді жою мен өзінің қызметін жақсарту үшін пайдалану;
3.1.6 жеке сипаттағы мәселелерді шешу кезінде мемлекеттік органдардың, ұйымдардың, мемлекеттік қызметшілер мен өзге де адамдардың қызметіне ықпал ету үшін өзінің қызметтік жағдайын пайдаланбау;
3.1.7 шындыққа сәйкес келмейтін мәліметтерді таратпауға;
3.1.8 заңда тәртіптік, әкімшілік немесе қылмыстық жауапкершілік көзделген теріс қылықтар мен өзге де құқық бұзушылықтарды жасауға жол бермеу;
3.1.9.мемлекеттік органда еңбек заңнамасы мен мемлекеттік қызмет туралы заңнаманың орындалуын қамтамасыз ету, еңбек режимі мен жағдайларының сақталуын, сондай-ақ мемлекеттік қызметте болуға байланысты шектеулердің сақталуын қамтамасыз ету.
3.1.10 Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру бойынша тұрақты негізде шаралар қабылдау;
3.1.12 көрсетілетін қызметті алушыларға мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы қолжетімді нысанда толық және анық ақпарат ұсыну;
3.1.13 мемлекеттік қызметтер көрсету және өзге де рұқсат беру функцияларын көрсету барысында көзделмеген құжаттарды талап етуге жол бермеу, сол сияқты қағазбастылықты (төрешілдікті) барынша болдырмау;
3.1.14 сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасауға итермелеу кезінде басшылыққа баяндау;
3.1.15 мемлекеттік қызметтер көрсету процесін, мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде үнемділік пен тиімділікті тұрақты жетілдіруді қамтамасыз ету.
3.1.16 Мемлекеттік сатып алу үшін пайдаланылатын ақшалай қаражатты оңтайлы және тиімді жұмсау;
3.1.17 Заңда көзделген жағдайларды қоспағанда, әлеуетті өнім берушілерге мемлекеттік сатып алуды өткізу рәсіміне қатысу үшін тең мүмкіндіктер беру;
3.1.18 Мемлекеттік сатып алу процесінің ашықтығын және айқындығын қамтамасыз ету;
3.1.19 Мемлекеттік сатып алу процесінде сыбайлас жемқорлық көріністеріне жол бермеу;
3.1.20 атқарушылық құжаттар бойынша орындалмаған міндеттемелері бар және Борышкерлердің бірыңғай тізіліміне енгізілген әлеуетті өнім беруші және (немесе) ол тартатын қосалқы мердігер (бірлесіп орындаушы) ретінде қатысуға жол бермеу.
3.2 өз құзыреті шеңберінде басқарушылық және өзге де шешімдерді дайындау және қабылдау кезінде:
3.2.1 қызметтік міндеттерді орындау кезінде мүдделер қақтығысының, жеке бас мүддесінің туындағаны туралы, Сыбайлас жемқорлық әрекетіне және сыйлықтар алуға көндіру туралы тікелей немесе тікелей басшыға баяндау;
3.2.2 жеке сипаттағы мәселелерді шешу кезінде мемлекеттік органдардың, ұйымдардың, мемлекеттік қызметшілер мен өзге де адамдардың қызметіне ықпал ету үшін өзінің қызметтік жағдайын пайдаланбау;
3.2.3 әріптестерге, басшыларға және өзге де лауазымды тұлғаларға сыйлықтар бермеу және лауазымдық өкілеттіктерді пайдалана отырып мүліктік пайда, игіліктер не артықшылықтар алу үшін қызметтік емес қызметтер көрсетпеу;
3.2.4 сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылда, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды ашуда белсенділік таныту;
3.2.5 өздеріне белгілі болған сыбайлас жемқорлық фактілері туралы, сондай-ақ материалдарды тездетіп қарағаны үшін қандай да бір пайда алуға итермелеу немесе әуре-сарсаңға салу туралы басшылыққа дереу баяндау;
3.2.6 орындау үшін алынған өкімнің заңдылығына күмәнданғаны туралы тікелей басшыға жазбаша нысанда дереу хабарлау;
3.2.7 егер тікелей басшының өзі мүдделер қақтығысына тартылған болса, жоғары тұрған басшылыққа жүгіну қажет;
3.2.8 кірістер алумен байланысты кәсіпкерлік және өзге де қызметті жүзеге асыруда біреуге көмек көрсетуден бас тарту.
3.3 Нормативтік құқықтық актілердің жобаларын дайындау кезінде:
3.3.1 нормативтік құқықтық актілердің жобаларын дайындау мен талқылауда қоғамның, бұқаралық ақпарат құралдарының міндетті қатысуын қамтамасыз ету;
3.3.2 Министрліктің құрылымдық бөлімшелерінің құқықтық актілерге мониторинг жүргізуін үйлестіруді және тұрақты негізде тиісті есептер дайындауды қамтамасыз ету;
3.3.3 әзірленген нормативтік құқықтық актілердің жобалары мүдделі мемлекеттік органдарға келісуге жіберілгенге дейін ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында жария талқылау үшін орналастыру;
3.3.4 нормативтік құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық факторлары немесе олардың белгілері бар нормаларды қолданбау.
3.4 тіршілік әрекеті саласы спецификасына байланысты туындайтын өзге қарым-қатынастар кезінде:
3.4.1 бағынысты лауазымды тұлғалардың қызметтік өкілеттіктерінің міндеттері мен көлемін нақты және анық айқындау;
3.4.2 қарамағындағы лауазымды тұлғалар арасында еңбек жүктемесін біркелкі бөлмеуге жол бермеу;
3.4.3 олардың қызметінің нәтижелерін бағалау кезінде, сондай-ақ көтермелеу және жазалау шараларын қолдану кезінде әділдік пен объективтілік таныту;
3.4.4 бағынысты қызметкерлерге қатысты негізсіз айыптауларға, дөрекілік, адамдық қадір-қасиетін кемсіту, жөнсіздік, орынсыз мінез-құлық фактілеріне жол бермеу;
3.4.5 нақты орындалмайтын немесе олардың лауазымдық міндеттерінен тыс, сондай-ақ заңнамаға қайшы келетін өкімдер бермеу;
3.4.6 қызметтен тыс сипаттағы мәселелерді шешу кезінде қарамағындағылардың қызметіне ықпал ету үшін қызмет бабын пайдаланбау;
3.4.7 қарамағындағы қызметкерлерді сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға мәжбүрлемеу;
3.4.8 әріптестердің өздерінің лауазымдық міндеттерін орындау барысында туындаған мүдделер қақтығысын реттеу бойынша түбегейлі шараларды уақтылы қабылдау;
3.4.9 мүліктің сақталуын қамтамасыз ету, қызметтік мақсаттарда меншікті, автокөлік құралдарын қоса алғанда, ұтымды, тиімді пайдалану

/public/files/2021/3/19/190321_152011_fa73e05d-241c-4179-bc36-35b1910ae1c5.jpg

/public/files/2021/3/19/190321_152026_d78d13fd-7662-4494-b1e8-7177065bf95a.jpg

/public/files/2021/3/19/190321_152040_9a2928ea-a919-4b37-889f-c16d45d1f06d.jpg

/public/files/2021/3/19/190321_152051_7dac476c-65d6-4a2e-aef2-6e9a5ea3e4e5.jpg

Жаңартылған күні: 19.03.2021 15:21
Құрылған күні: 01.04.2021 13:14

Текст